Жүк

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жүк – 1) көлікпен тасымалданатын заттардың (тауарлардың, еңбек құралдарының, т.б.) жалпылама атауы. Тасымалға Жүк өткізуші және Жүк құжатында жөнелтуші ретінде көрсетілген ұйымды, тұлғаны Жүк жөнелтуші, ал Жүк жөнелтушінің көрсетуімен Жүк берілуге тиіс ұйымды, тұлғаны Жүк алушы деп атайды; 2) акциялардың сатып алу мен сату бағасының арасындағы айырма. Ашық тұрпатты инвестициялық қорлары бар инвестициялық компания акцияларының болжалды бағасының негізгі құрал-жабдық бағасынан тыс бөлігі. Сатудан түскен комиссиялық алымды және бөлу тәртібімен есептелген басқа да барлық шығындарды қамтиды. Әдетте, бұл айырма акцияларды сату кезінде емес‚ сатып алу кезінде ғана есептеледі; 3) дәстүрлі қазақ қоғамында көші-қон кезінде көлікке артылатын үй мүліктерін де “Жүк” деп атаған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0</ref>

Ұзын жүк

Ұзын жүк- ұзын жүктерді тасуға арналған арнайы автопоезбен тасымалданатын арнайы бірданалық жүк (мысалы, кұбырлар,ағаштар).

Ірі көлемді жүк

Ірі көлемді жүк - аса ауыр жүктер тасмалдайтын, автопоезбен тасымалданатын ауырлығы 25-тен 600-1000 т-ға дейінгі арнайы бір дана жүк.

Тиелген жүк

Тиелген жүк - данасын бір-бірлеп санамай, ақтара тиеуді және лақтырып түсіретін жүк.

Құйылатын жүк

Құйылатын жүк- цистернада немесе басқа герметикалық сыйымдылықтарда тасымапданатын жүк.

Салалық жүк

Салалық жүк - белгілі бір халық шаруашылығына тән, тасымалданатын өнім.

Өнеркәсіптік жүк

Өнеркәсіптік жүк-салалық өнеркәсіптің бір даналы жүгі (мысалы, білдектер, оларға керекті бөлшектер).

Ауылшарушылық жүк

Ауылшарушылық жүк- салалық тиелген, құйылатын немесе бір даналы таралық жүк - ауыл-шаруашылығының өнімі (мысалы,бидай, сүт, жемістер).

Тез бұзылатын жүк

Тез бұзылатын жүк- ұзақ мерзімді сақтауға келмейтін және цистерналарда немесе рефрижераторлармен тасымапданатын арнайы құйылатын немесе бір даналық жүк (мысалы, сүт, жемістер).

Арнайы жүк

Арнайы жүк- арнайы жүк, оны тасымалдау үшін автопоездар немесе арнайы шанақ қажет.

Құқрылыс жүгі

Құрылыс жүгі - құрылыс салаларының (мысалы, құм, киыршық тас, бетон, асфальт) тиелген немесе құйылатын салалық жүгі.

Жекеленген қүрылыс Жүгі

Жекеленген құрылыс жүгі - ғимараттардың, құрылыстардың бөлшектерінен (мысалы, фермалар, балқалар, қабырға панельдер) тұратын арнайы жекеленген жүк.

Таралық жүк

Таралық жүк- бөшкелерде, қораптарда, қаптарда тасымалданатын жүк.

Жекеленген жүк

Жекеленген жүк- сан мен салмақ бойынша тарамен және тарасыз тасымалданатын жүк.

Теңгеруші жүк

Теңгеруші жүк- шинамен доңғалақтың динамиқапық немесе статикалық дебалансын жою үшін доңғалақ шеңберіне қойылатын белгілі массадағы бөлшек.

Жүк айналым

Жүк айналым - көліктік өнім өлшемі көлікпен белігілі бір уақыт ішінде атқарылған немесе атқарылатын жұмыс мөлшері, өлшемі тонна-километр (ткм).

Жүк көтергіштік

Жүк көтергіштік- көліктік құралдың, белгілі-бір салмақтағы жүкті тасымалдауға қабілеттілігі.

Көлік құралының номиналды жүк көтергіштігі

Көлік құралының номиналды жүк көтергіштігі - көлік кұралының техниқалық сипаттамасында көрсетілген бір уақытта тасымалданатын жүктің массасы.

Көлік құралының меншікті жүк көтергіштігі

Көлік құралының меншікті жүк көтергіштігі - көлік құралының жүк көтергіш күшінің өзіндік массасына қатынасы.

Жүктасқыны

Жүктасқыны – көліктік өнім өлшемі, көлікпен белгілі-бір уакытта, бір бағытта тасымалданған жүктің мөлшері, өлшемі тонна.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жүк|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

th:การรถไฟแห่งประเทศไทย#รถสินค้า