Жыңғылды (ауыл)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

07:39, 2016 ж. тамыздың 2 кезіндегі Batyrbek.kz (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан ЖыңғылдыМаңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы.

Географилық орналасуы

Аудан орталығы – Шетпе ауылынан солтүстік-батысқа қарай 45 км жерде, Қаратау жотасының оңтүстік-батыс баурайының жыңғыл мен жусан аралас астық тұқымдас әр түрлі шөптер өскен сұр топырақты шөл белдемінде орналасқан<ref name="source1">«Маңғыстау» энциклопедиясы, Алматы, 1997</ref>.

Халқы

Тұрғыны:

Тарихы

Іргесі 1930 ж. ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға байланысты "Куйбышев" атындағы ұжымшар ретінде қаланды. 1969 жылдан қаракөл қой кеңшары мен ауылдық кеңестің орталығы болды, 1995 жылдан кеңшар негізінде шаруа (фермер) қожалықтары құрылды<ref name="source1"></ref>.

Транспорты

ӨтесБозащы су құбырының бір тармағынан тұщы су келеді<ref name="source1"></ref>.

Тұлғалары

Жыңғылдыдан Айтуған Тайұлы, Елбай Қосымбайұлы, Абыл Тарақұлы, Атанғұл Сүйесінұлы, Шамғұл Ыбырайымұлы, ақын-жыраулар және шешендер: Сам, Құлыш, Қожық, Жаман, Нұрнияз, Алхам, Алшын және т.б. туып өскен<ref name="source1"></ref>.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл бойында 70 шаруа қожалығы тіркеліп, оның 51-і тұрақты жұмыс істейді. Ауылда 2012 жылы шаруа қожалықтары мен жеке қожалықтарда мал басы саны өскен. Атап айтқанда, қой-ешкі 34500-тен 35035 басқа, жылқы 2400-ден 2472 басқа, түйе 1600-ден 1648 басқа өскен. 2012 жылға қарай 15 шаруа қожалықтары 98 гектар жерге бақша дақылдарын өсірген.Үлгі:Citation needed

Білім беру саласы

Ауылда 2 мектеп жұмыс жасауда. 2 мектепте 2012-2013 оқу жылында 592 оқушы білім алуда. 2013 жылы С.Нұрниязұлы атындағы мектеп – интернатының 250 балалық оқу корпусы және Е.Айшуақұлы атындағы орта мектепке «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның демеушілігімен жаңа газон төсеніші бар спорт алаңы салынуда.Үлгі:Citation needed

Денсаулық сақтау саласы

2012 жылы ауылдық аурухана жабылып, дәрігерлік амбулатория болып жасақталды. Бұдан басқа ауылда 1 дәріхана жұмыс істеуде.Үлгі:Citation needed

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Kz-geo-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Маңғыстау ауданы елді мекендері