Жылқы малының атаулары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жылқы тұқымына қарай:

  • арғамақ
  • қазанат
  • абы
  • тобышақ
  • текежәуміт
  • қазақы ат
  • қарабайыр
  • пырақ
  • дүлдүл т.б. болып бөлінеді.

Шабыс ат:

  • жүйрік
  • тұлпар
  • сәйгүлік
  • саңылақ
  • бәйге ат деп бөлінеді.

Салтанатқа мінетін ат: жорға

  • төкпе жорға
  • айдама жорға
  • шайқалған жорға деп бөлінеді.

Мініс аттары:

  • Аяқ ылау
  • жетек ат
  • қосақ ат
  • түп ат
  • көсем ат деп жіктеледі.

Өсуіне қарай:

  • Құлын - бір жасқа дейінгі жабағысы көтерілмегені.
  • Жабағы - бір жасқа толмаған, құлын жүні түспегені.
  • Тай - жылқының екі жастағысы.
  • Құнан - жылқының үш жастағысы.
  • Дөнен - жылқының төрт жастағысы.
  • Бесті - жылқының бес жастағысы.

Саяқтар (бойдақ жылқылар):

  • Ат - піштірілген еркек жылқы.
  • Сақа ат - он бір -он екіге келген ат.
  • Арда емген - құнанына дейін енесін емген, ақ жілік болғаны.
  • Төл тай - өз енесі мен ежені бірдей еметін бір жасар жылқы.
  • Қысыр емген - құлынын тастаған биенің екі жасқа дейін емген бұрынғы төлі.
  • Шобыр - мініске, күш-көлікке өте мықты шабан ат.
  • Сетер ат - құлынынан қартайып өлгенше жүген-құрық, ер тоқым көрмеген ат.
  • Пішпе - піштірілген жылқы.

Биенің атаулары:

  • Бие - құлындайтын жылқының бес жасқа келгені.
  • Байтал - жылқының екі жастан бес жасқа дейінгі ұрғашысы.

Сүтіне қарай биелер:

  • Мама бие - өте сүтті бие.
  • Мәнерсіз бие - сүті аз бие.
  • Ақтандыр бие - сүті жоқ, сүт шықпайтын бие.
  • Исіншек бие - сауар алдында құлынына жанасып, исінген сүтін ағызып жіберетін бие.

Қысырақ атаулары:

  • Тұман қулық - үш немесе төрт жасқа дейін айғырдан шықса да құлындамай жүрген бие.
  • Көбен бие - қонданып тойына бастаған түйе.
  • Ақжілік бие - құлындығында енесі сауылмай еркін емген бие.
  • Қаракемік бие - енесі сауылып, жүдеу, бос болып өскен бие.
  • Нәқұс (құтамсыз) бие - шаққан тегі нашар бие.

Құмай тұяқ бие - түяғы көп тасырламайтын бие,

Айғырлардың атаулары:

  • Жасамалы - үш-төрт жастан асқаны.
  • Сәурік - үш-төрт жастағы үйірге салынбағаны.
  • Құр айғыр - өмуру құрық-жүген тимеген айғыр.
  • Сыңар ен - түмысында бір ен болып туған.
  • Шартық - екі енінің бірі піштірілгенімен қалған айғыр.
  • Азбан - алты жасында піштірілгенімен айғырлық әдетін қоймай, биенің мазасын алатын айғыр.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
  • "Ұлттық атаулар - халық мұрасы"/Ә.Сүлейменова, Ү.Қарасайұлы - Шымкент,1999


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жылқы малының атаулары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}