Жоғары техникалық институты (Лиссабон)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:40, 2017 ж. қаңтардың 4 кезіндегі Ismukhammed (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Университет Жоғары техникалық институты (Үлгі:Lang-pt, қысқаша — IST) — португалдық инженерия, сәулет, ғылым және тенология жоғарғы оқу орны.

Институт 1911 жылдың 23 мамыр күні құрылды, алғашқы жетекшісі — Алфредо Беньсауд (Үлгі:Lang-pt).

2013 жылдан бастап Лиссабон Университетінің (Үлгі:Lang-pt) құрамына кіреді.

2013-2014 оқу жылына қарай институт статистикасы:

  • 11.458 студент;
  • 871 зерттеуші және доцент;
  • 29 зерттеу орталықтары;
  • 7 зертхана;
  • 1.838 ғылыми басылым.

Елдегі ең үздік оқу орындарының бірі болып саналады: студенттердің 56% оқуды бітірмей тұрып жұмысқа орналасады және 91% - оқуды бітіргеннен кейін 6 ай ішінде жұмыс табады.

Жоғары техникалық институты Еуропаның ең үздік 12 ғылым және технология университеттерін біріктіретін Cluster (Consortium Linking Universities of Science and Technology for Education and Research) құрамына кіреді.

Тарихы

1910 жылы Португалияның Білім беру министрлігі Лиссабон индустрия және сауда институтын екі оқу орнына бөлуді шешті: Жоғары техникалық институты және Жоғары экономика және басқару институты (Үлгі:Lang-pt). Бірінші оқу орнына жетекші ретінде доктор Алфредо Беньсауд шақырылды. Ол 1892 жылдан бастап технологиялық бағытындағы оқу әдісіне шұғыл және түбегейлі өзгертулер енгізуді талап еткен, бірақ 1910 жылғы Португал революциясына дейін оның ұсыныстары әрдайым қабылданған жоқ.

Кафедралар

  • Биоинженерия кафедрасы
  • Құрылыс және сәулет кафедрасы
  • Инженерия және басқару кафедрасы
  • Электротехника және компьютерлік инженерия кафедрасы
  • Информатикалық инженерия
  • Механикалық инженерия
  • Физикалық инженерия
  • Химиялық инженерия
  • Математикалық инженерия

Сыртқы сілтемелер