Жобалай Бәйсейітұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:56, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Жобалай Бәйсейітұлы (17301818) — би.

Билік жолын әкесі Бәйсейіт биден алған Жобалай би елін әділдікпен, халық арасынан шыққан азаматтармен ақылдаса отырып билеген. Жобалай биден кейін билік Томан, Байқотан, Тоқсанбай, Есенжол билерге жалғасып кете берген. Жобалай бидің соңында көптеген сөздер қалған. Солардың бірі: “Атыма тай бер, Тайыма қой бер, Қой болар, қозы болар, Келер жылы өзі болар”, — деп келетін билік сөздері. Бұл сөздердің мағынасын ел-жұрт Абайдан сұрағанда, Абай: “Күшті зорлығын қойған ба? Әлсізді әлім-жеттікпен жеп, есе бермегеннен кейін, Жобалай бидің ойлап тапқан билігі ғой” деп жауап беріпті. Дау шиеленісе бергеннен кейін, тұяқ орнына тұяқ алып бітісуді “Жобалай жолы” деседі. Жобалай би жайындағы сөздер М.Мағауиннің “Мен” атты ғұмырнамалық романында кездеседі. Жобалай бидің өмірі, билік сөздері ел ішінде жиі айтылады. “Қаракерей Қабанбай” дастанында Жобалай бидің жорықтағы істері суреттелген.

Жобалай бидің тікелей ұрпағы, заманының көзі ашық азаматы, Томск мал дәрігерлік институтын бітірген, Саяси қуғын-сүргін құрбаны болған Бейсембай Тойсарыұлы 1914 ж. Жобалай бидің бейіті басына Қазан қаласында жаздырылған көктас (биіктігі 2 м, ені 80 см) қойдырады. Көктаста шағатай жазуымен керей елінің қысқаша шежіресі берілген. Жобалай бидің мазары қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Шұбартау өңірінде. <ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}