Жиделібайсын

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:55, 2011 ж. тамыздың 2 кезіндегі Aizhanka aaa (Талқылауы) істеген түзету

Жиделібайсын — қазақ фольклорында (“Алпамыс батыр” жырында, Асан Қайғы туралы аңыздарда, т.б.) жиі кездесетін берекелі, қасиетті, құтты мекен. 16 ғ-да Мұхаммед Шайбани бастаған Дешті Қыпшақтың көшпелі түркі рулары Орта Азия жерін басып алғанда, Жиделібайсын қазақ, қарақалпақ халықтарының құрамындағы қоңырат тайпасының үлесіне тиген. Жаңа қонысқа ауысқан қоңыраттардың саяси және әлеуметтік тұрмысында орын алған тарихи оқиғалар қазақтың “Алпамыс батыр” жырында эпикалық түрде суреттеледі. Тарихи жағдайларға байланысты қалың қазақтан қол үзіп кеткен қоңыраттардың мекені уақыт өте аңызға айналып, қазақ фольклорында халық қиялының символы болды.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6 </ref>

Пайдаланған әдебиет

<references/>

Қазақ ұлттық энциклопедиясыҮлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}