Жеңілтектік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жеңілтектік<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref> — адам мінезіндегі ұнамсыз сипат. Жеңілтектік жеке адамның іс-әрекеттерінде, өзге адамдармен қарым-қатынасында әрбір істің мән-жайына ой жіберіп, терең ойламай асығыс ой түйетін не қимыл жасайтын өзіндік ерекшелік. Жеңілтектік мінездегі табансыздықты білдіріп, адамның кісілік келбеті мен абырой-атағына нұқсан келтіреді.

Ж. мінез жеке адамның іс-әрекетінде, адамдармен қарым-қатынаста әрбір істің мән-жайына ой жіберіп, терең ойламай, жай түрде қарайтын асығыс ой түйетін өзіндік ерекшелігі. «Жаңағы абай мен жеңілтек чиновник арасында болған өткір қағысуды да түгел естіген болатын (М.Әуезов)».

Ж-тің бір ерекшелігідәйексіз, тұрлаусыз, айнымалы, бір жерде шыдап тұра алмайтын адам. «Дәйексіз шегір көздері қазір-ақ шатынап, сынып кеткелі тұрған шыны тәрізді (Сәрсенбаев)». Ж. мінез ерекшеліктері адамдардың өзара қарым-қатынасында ой жүйесінің дәлелсіз, тиянақсыз екендігін де білдіреді. Ж. мінезі шыдамы жетпейтін ісі мен сөзінде тиянағы жоқ табансыздықты да білдіреді. Ж-тің тағы бір ерекшелігі – ұшқалақтық, жеңілтек мінезді, ұшып-қонған ұстамсыз, дегбірсізденіп, жеңілтектік қимыл-қозғалысымен ұшып-қонып жүреді. «Артур құсаған ұшқалақтары рюмкесін әлден көтеріп, жымыңдап тұрған-ды (Ә.Нұрпейісов)». Ж.мінездің сипаты ретінде адамның кісілік келбеті мен абырой-атағына нұқсан келтіретін ерекшелік. Жеңілтек қылықты адамда байыптамаушылық, қысқа қайырымдылық, үстірттік жиі байқалады. Ондай адамдарға салиқалы, жауапты істерді атқаруға сенім білдірмейді. «Сол айтқанына кейін өзі «жеңілдік», ұшқарылық болды-ау деп өкінген де болатын. (М.Әуезов)». Жеңілтек мінез көрсететін адам көпшілік қауым арасында да абыройлы бола алмайды.


<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> <ref>Психология. Энцклопедиялық сөздік. Бас авторлары: Қ. Жарықбаев; О.Саңғылбаев - Алматы 2011- 216 бет. ISBN9965-893-71-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}