Жер полюстерінің қозғалысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:46, 2017 ж. сәуірдің 5 кезіндегі Kasymbot (Талқылауы) істеген түзету

Жер полюстерінің қозғалысыгеографиялық полюстердің жер бетінде орын ауыстыруы. Қозғалыс магниттік полюстермен сәйкес келеді, сондықтан үнемі ауысып тұрады. Жердің айналуына байланысты болатын бұл құбылысты алғаш рет 1687 ж. Исаак Ньютон ашты. Оның математикалық теориясын Л.Эйлер жасады (1790). Бұдан 100 жыл өткеннен соң Жер полюстерінің қозғалысы салдарынан жер бетіндегі пункт ендіктерінде нақты өзгерістер болатыны байқалды. Сөйтіп, көптеген пункт ендіктерін бірнеше рет өлшеу арқылы Жер полюстерінің орын ауыстыруын зерттеуге болатыны дәлелденді. Жер полюстерінің қозғалысы салдарынан Жер беті нүктелерінің координаттары мен жер бетіндегі нысандардың азимуттарына, астрономиялық және геодезиялық өлшеулердің нәтижесіне өзгерістер енгізілді. Солтүстік жарты шардың магниттік полюсінің координаттары: қазіргі 75° с. е. және 101° б. б. 1904 жылдың мәліметі бойынша, 70,5° с. е. және 197,5° б. б. болған. Оңтүстік жарты шардың магниттік полюсінің координаттары: қазіргі 70° о. е. және 40° ш.б., 1912 жылдың мәліметі бойынша, 72,2° о. е. және 105,7° ш. б. болған. Жер полюстерінің қозғалысы магнит өрісімен және Күн әрекетімен байланысты. Олар тұрақты геомагниттік өріске қосылып, айнымалы магнит өрісін құрайды. Жер магнитизмі элементтерінің қазіргі бөлінуі біртекті магниттелген шардың магниттік өрісімен жердің тұрақты магниттік өрісінің ұқсастығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Мұндай шардың магниттік полюстерін геомагниттік полюстер деп атайды. Олардың қазіргі координаттары 78,6° с. е. және 69,5° б. б., 78,6° о. е. және 110,5° ш. б.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub