Жертану

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жертану, жалпы жертану –

географиялық қабықтың дамуы

  • 1) географиялық қабықтың дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін физикалық география ғылымының бір саласы. Жертану Жердің географиялық қабық сфераларының бір-бірімен әрекеттесуін, олардағы зат, энергия, ақпарат айналымын, энергияның құрамдас бөліктері арасындағы байланысын қарастырады. Жертану қоршаған ортаға адам қызметінің әсері және оны қорғау жөніндегі теориялық білімге негіз болып табылады. Жертану атауын ғылымға 19 ғfcshдың 1-жартысында неміс ғалымы К.Риттер енгізген. Қазіргі жертану ғылымын дамытуға кеңес ғалымдары А.А. Григорьев, С.В. Калесник, К.К. Марков, т.б. көп еңбек сіңірді. География әдебиеттерде жалпы жертану, жалпы физикалық география деген атпен де белгілі;

Жерді планета ретінде қарастыру

  • 2) Жерді планета ретінде қарастыратын ғылымдардың жиынтық атауы. Ғарыштық жертану деп те аталады. Ғарыштық жертану географиялық қабықтың ландшафттарын ғарыштан суретке түсіру және бақылау жолдарымен танып білуді мақсат етеді. Бұл зерттеулер жердің тұңғыш жасанды серіктері ұшырылған кезден бастап (20 ғ-дың 60-жылдарынан) дами бастады. Жер серіктерінен және ғарыш аппараттарынан 250 — 300 км-ден 100 мың км-ге дейінгі биіктік аралығындағы көптеген табиғи құбылыстардың даму жағдайын зерттеуге мүмкіндік туды. Ғарыштан түсірілген суреттер Жер бетінің орасан аумағын қамтиды және табиғаттың құрамдас бөліктерінің арасындағы байланыстарды айқын көрсетеді. Ғарыштық түсірулердің нәтижесінде жалпы географиялық және тақырыптық карталар жасалды.

<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

Тағы Қараңыз

Сілтемелер

Жалпы жертану

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жертану|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}