Жерсілкініс қарқындылығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:52, 2015 ж. қыркүйектің 4 кезіндегі Erboldilyara (Талқылауы) істеген түзету

Жерсілкініс қарқындылығы - Балл деп аталатын халықаралық өлшеммен өлшенетін жерсілкініс қарқындылығы. 1952 жылдан Жерсілкініс қарқындылығының С.В. Медведев ұсынған 12-балдық өлшемі қолданылады. Бұл өлшем көмегімен Жер сілкінісі қарқындылығын анықтау барысында сілкініс зардабының бір топ белгілері ескеріледі. Олар: сейсмикалық бекеттер жазып алған көрсеткіштер, құрылыстар мен ғимараттардың зақымдану дәрежесі, грунт өңіріндегі өзгерістер, жерасты және жер үсті сулары режимдерінің өзгерістері, жеке адамдардың сілкініс соққылары мен тербелістерін сезіну әсері т.с.с. Сөз болған белгілер жиынтығы тұрғысынан жер сілкіністері бірнеше түрге бөлінеді:

  • 1-4 балл — мардымсыз сілкініс (бүліншілік тудырмайды);
  • 5-7 балл — күшті сілкініс (көне құрылыстар зардап шөгеді);
  • 8 балл — зілзалалы сілкініс (фабрика мұржалары құлайды, берік ғимараттар ішінара зардап шегеді);
  • 9 балл — ойранды сілкініс (ғимараттардың көпшілігі бүлінеді, жер бетінде жарықтар пайда болады);
  • 10 балл — жойқын сілкініс (көпірлер мен тасымал құбырлары бүлінеді, сырғымалар пайда болады);
  • 11 балл — апаттар (барша ғимараттар қирайды, бетбедер айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды);
  • 12 балл — зауалдар (мейілінше ауқымды аймақтың жербедері өзгерістерге ұшырайды).<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. — А.: АРНGroup, 2000 жыл. — 328 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жерсілкініс қарқындылығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}