Жердің сығылуы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:13, 2011 ж. қарашаның 25 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Жердің сығылуыЖердің шар тәрізді пішіннен ауытқу дәрежесін сипаттайтын шама. Жердің полюстік сығылуы мына формуламен анықталады: , мұндағы а және b — экваторлық (үлкен жарты ось) және полюстік (кіші жарты ось) радиустар. Қазіргі мәліметтер бойынша, =1:298,3 (Красовский эллипсоидында). Ал жердің экваторлық сығылуы формуласымен өрнектеледі, мұндағы а1 және а2 — Жер экваторының ең үлкен және ең кіші радиустары. Табылған мәліметтер бойынша: =1:30000, ал (а1–а2) айырмасы шамамен 21,4 км.
Жердің сығылуын зерттеп, есептеп шығарған және себебін түсіндірген ағылшын ғалымы И.Ньютон. Егер Жер айналмаған жағдайда нағыз шар тәрізді болар еді және жер бөлшектері өзара тартылыс күші нәтижесінде фигураның жалпы тартылыс центрінің айналасында біркелкі орналасқан болар еді. Дене айналған кезде центрде тебу күші пайда болады, ол айнлау жылдамдығының квадратына тура пропорционал. Центрден тебу күшінің бағыты айналу осіне перпендикуляр болады. Айналу жылдамдығы полюстерде ең көп (жалпы жер бойынша 464 м/с). Полюстерден экваторға қарай салмақ күші азаяды, оның бағыты радиус бағытымен сай келеді. Полюс пен экватор арасындағы салмақ күшінің өзгеруіне тең. <ref> Қазақ энциклопедиясы,3 том</ref>

Сыртқы сілтемелер

Жердің сығылуы

Пайдаланылған әдебиеттер

<references/> 
{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жердің сығылуы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}