Жем қалта

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:20, 2012 ж. тамыздың 11 кезіндегі Maira Yessenbekova (Талқылауы) істеген түзету

Жем қалта, аңға шыққанда құстың шақыру жемін салатын қалта. Тіленіп ұшқан құс кейде әр жағдаймен аңға түспей, бір қиырға барып қонып қалады. Кейде аңды өзі қағып, өзі аулауға үйретілген бүркіттің иесінен шалғайлап ұшатын кездері де кездесіп тұрады. Осындай жағдайда құсты дереу қолға шақыру керек болса, жем қалтада алып жүрген "қызылды" көрсету арқылы ғана шақырылады. Сондықтан жем қалтада қашан да қойдың толарсақты еті, қоянның бөксесі, кекілік, үйрек, әйтеуір, құсты шақыруға арналған қол басындай "қызыл" болғаны жөн. Құс аңшылығы көбіне қыс маусымында болатындықтан, аязда қызылдың қатпауын еске алып, жем қалта киізден жасалады.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жем қалта|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}