Жеке элементтер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:44, 2014 ж. сәуірдің 21 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Жеке элементтер. Химиялық элементтердің кепшілігі табиғи жағдайда қосылыстар турінде кездеседі. Бірақ кейбір элементтер қосынды түрінде де және өз алдына жеке элемент түрінде де, ал кейбір элементтер тек қосынды түрінде немесе тек жеке элемент түрінде ғана кездеседі. Элементтердің мұндай болып кездесуі олардың химиялық қасиеттеріне жәіне айналасындағы геологиялық. жағдайларға байланысты.

Химиялық қосылыстарға бейімділігі жоқ немесе сараң қосылатын элементтер, мысалы, барлық инертті газдар (гелий, неон, аргон, криптон, ксенон, радон) тек жеке элемент түрінде, яғни газ күйінде кездеседі. Сонымен қатар кейбір элементтер (газдар) өзінің салмағына қарай іріктеліп оңашаланады, сол себептен олардың химиялық қосылыс беруіне айналасындағы жағдай мүмкіндік бермейді. Мысалы, оған сутек, оттек, азот т. б. жатады.

Химиялық қосылысқа жөнді беріле қоймайтын асыл металдар да көбінесе жеке элементтер түрінде кездеседі. Оларға жататындар алтын, күміс, платина, осмий, иридий, рутений, радий, палладий. Бұлардан басқа жеке элементтер түрінде кездееетін металдардан мыс, темір, сынапты; шала металдардан аздаған мышьякты, сурьма мен висмутты атап керсетуге болады. Металлоидтардан жеке элементтер түрінде көбірек кездесетіндер — көміртекті минералдар (алмаз, графит) және күкірт.

Осы айтылған жеке элементтердің аралас түрлері де, мысалы, алтын мен күмістің злектрум деп аталатын аралас түрі де кездеседі. Сол сияқты платина мен темірдің аралас түрі — поликсен, иридий мен осмийдің аралас түрі — невьянскит те кездеседі. Электрум, поликсен, невьянскит сияқты минералдардың әрқайсысы екі элементтен тұрады екен. Олай болса бұларды минералдардың жеке элемент типіне жатқызатын себебіміз не?—деген сұрақ туады. Бұл жерде элементтердің механикалық жолмен араласуы мен химиялық қосылыс түзуі деген түсініктерді шатастырмау керек. Аталған минералдардағы элементтер өз ара ионданып химиялық қосылыстар құрап тұрған жок, олар тек атомдар түрінде араласқан, құрылыстары атомдық , сондықтан оларды жеке элементтер тобына қосамыз. Мысалы, электрумда алтын да, күміс те атом түрінде араласқан.

Жеке элементтер кәбінесе басқа минералдар мен тау жымыстарының арасында, бірақ химиялық қосылыс түрінде емес, тек атомдық, аралас түрінде болады. Мысалы, кварц немесе сульфид минерал (пирит) ішінде алтын майда түйіршік түрінде жііі кс ідеседі. Алтыны бар минералды, мысалы ішінде алтыны бар кварцты, майдалап ұсатып, оның ұнтағын суға шаятын болса, салмағы ауыр алтын түйіршіктері екшеліп, ыдыстың түбінде қалады. Алтынды механикалық әдіспен айырып алатын болғандықтан, оның, басқа минералдар арасындағы түрін механикалық аралас металл деп атаймыз.

Кварц минералы екі элементтін, (кремний мен оттектің) химиялық қосындысынан тұрады (SiO2). Бұл екі элементті механикалық жолмен ешбір айыруға болмайды. Оларды тек химиялық реакция арқылы ғана айыруға болады. Сондықтан да кварц — химиялық қосынды. Химиялық косындылар тедгерілген формула түрінде жазылады, ал механикалық аралас металда ол жоқ .

Сонымен, жеке элементтер деп механикалық әдістермен айырылып алынатын, атом құрылысты заттарды айтады. Жеке элементтер түрінде кездесетін заттар — отыз шамалы элемент. Бірақ олардыд көпшілігі өте аз және аса сирек кездеседі, сондықтан да практика жүзінде ешбір атқаратын ролі де жоқ . Біз төменде жеке элементтердің ең керектілеріне, жер қойнауында кен түрінде кездесетіндеріне тоқталамыз.

Жеке элементтер табиғи жағдайда көбінесе таза бола бермейтінін де ескерте кетейік. Олардың ішінде де аздаған әр түрлі аралас қоспалар болады. (Химиялық қосынды мен қоспаны да шатыстырмау керек. Қоспа деп тек минералды кұрайтын басты затқа ілескен қосымша аралас заттарды айтамыз.)

Жеке элементтердің ең тамашасы — көміртекті минералдар. Дүниедегі ең қатты зат алмаз да сол көміртегінен, ең жұмсақ органикалық нәзік заттар да сол көміртегінен тұрады. Олай болса, жеке элементтерді баяндауды көміртекті элементтерден бастайық.<ref>Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69</ref>

Тағы қараңыз

Алмаз

Графит

Күкірт

Алтын

Күміс

Мыс

Платина

Темір

Сынап

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}