Жеке адам

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жеке адам – қоғамдық дамудың нәтижесі, нақтылды тарихи жағдайлармен байланысты еңбек, қарым-қатынас және таным субъектісі.

Түсініктеме

Жеке адам ұғымын индивид пен адамның ерекшілігі (индивидуальность) жөніндегі ұғымдарда ажырата білу қажет. Индивид ұғымы кімінің адам баласына жататынын ғана білдіреді. Ал жеке адамның ерекшелігі жайындағы ұғым бір адамның екінші адаммен салыстырағндығы физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, тек өзіне тән қасиеттерін білдіреді.

Сурет:Karl Marx 001.jpg
К.Маркс тұнғыш жеке адам мәселесін нақтылы тарихи жағдаймен байланысты зерттеген

Жеке адам ұғымы адамның өзіне тән қасиеттері мен атқаратын әлеуметтік қызметін түгел қамтиды. Идеализм жеке адамды әлеуметтік өмірден тыс, тарихты өз бітімен жасайтын рухани жан деп есептейді. Тарихи материализм жеке адам қоғам дамуының нәтижесі, қоғамдық қатынастардың субъектісі, әлеуметтік коллективтің бір бөлігі, мүшесі деп ұйғырады. К.Маркс тұнғыш жеке адам мәселесін нақтылы тарихи жағдаймен байланысты зерттеп, антагонистік қоғам мен жеке адамның арасындағы қарама-қарсылық сол қоғамның әлеуметтік қайшылықтарының көрінісі екенін дәлелдеп берді. Қоғамнан тыс жеке адамның өмір сүруі мүмкін емес, сондықтан оның еркіндігі мен көркеюі халықты бостандыққа жеткізу ісімен тікелей байланысты деп көрсетті.

Жеке адамның дамуын филогенетикалық және онтогенетикалық тұрғыдан түсінуге болады. Адам өзінің жеке басын алғашқы қаумдағы ру бірлігінен ажыратып, коллективтен бөлініп шыққаннан кейін барып жеке адам пайда болды. Жеке адамның ең басты белгісі – оның әлеуметтік қызметінде.

«Жеке адамның мәні, - деп жазды К.Маркс, - оның сақалында, қанында, не дерексіз бір физикалық жаратылысында емес, әлеуметтік сапасында».<ref name="source1">Маркс К. и Энгельс Ф., Соч., 2 изд., 1-т., М., 1954</ref> Онтогенетикалық тұрғыдан қарағанда индивид дайын күйінде жеке адам атрибутымен тумайды. Сондықтан да К.Маркс былай деп жазды: «... адамның мәні жеке индивидке тән абстракт емес. Өзінің шындығына келгенде ол – барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы».<ref name="source2">Маркс К., Энгельс Ф., Екі томдық таңдаулы шығармалары, 2-т.</ref> Жеке адамның әлеуметтік жағдайы оның еркіне тәуелсіз. Бірақ одан жеке адам қоғамдық қатынастардың жай ғана енжар туындысы деген қорытынды жасауға болмайды. Капитализм тұсында жеке адам бір жақты дамуға душар болды. Тек социализм мен коммунизм ғана жеке адамның жетілуіне мүмкіндік туғызады. Өйткені коммунизмнің мақсаты – жеке адамның жан жақты жарасымды дамуын қамтамасыз ету. Коммунистік қоғам жеке адамды әлеуметтік ортаның бүгінгі ықпалына түсіріп, жоқ қылып жіберуді көздемейді, қайта әрбір адамды өзіндік ерекшіліктері мен әлеуметтік қасиеттердің үйлесімді дамуына жағдай жасайды.

Сурет:OCD handwash.jpg
Қол жуу - жеке адам гигиенасының негізгі шарттарының бірі.

Жеке адам гигиенасы

Жеке адам гигиенасы – гигиена ғылымның бір саласы. Мұнда адам қоғамдық және күнделік өмірдегі гигиена ережелерін сақтауы қажет. Жеке адам гигиенасы дене гигиенасы, киім мен төсек-орын, тіс, ауыз тазалығын сақтау, еңбек пен тынығуды дұрыс ұйымдастыру т.б. жатады. Дене шынықтыру – жеке адам гигиенасының негізгі шартының бірі. Дұрыс ұйымдастырылған дене шынықтыру организмдегі зат алмасу процесін жақсартып, денеге жиналған улы заттардың организмнен тез шығуын қамтамасыз етеді. Адам тіршілігінде терінің атқаратын қызметінің маңызы зор. Кір теріге микробтар ұялап, түрлі жұқпалы тері аурулары пайда болады. Әсіресе тері жарақаттанғанда жырылған, тесілген, кесілген жер арқылы инфекция өтіп, денеде іріңді жаралар пайда болуы мүмкін. Сондықтан теріні өте таза ұстап, сыртқы жарақаттан сақтау қажет. ол үшін аптасына бір рет моншаға түсіп, мойынды, аяқты күнде жуу керек. Қолды таза күтіп, түрлі жарақаттан, жарылудан аман сақтау қажет. Қолдың терісі жарылса, немесе жарақаттанса жуып, иод жаққан өте пайдалы. Тері құрғақ, жарылғыш болса, везелин немесе глицерин жағу керек. Сондай-ақ аяқ тазалығы, тырнақты және шашты өсірмей таза күтіп ұстау дене гигиенасының басты шарты. Жуынғанда тек беті-қолды жуып қана қоймай, екі иықты және кеудені де жуып құрғата сүрту (әсіресе таңертенгілікте) денені тазартумен бірге организмді шынықтырады. Жатар орын, киім-кешек тазалығын қатал сақтау қажет. Моншадан кейін таза іш киім кию, тырнақ, шашты уақтылы алып отыру – Жеке адам гигиенасының негізгі шарттарының бірі. Жанұяда бір адам ауырып қалса, оның ыдыс-аяғын бөлек ұстап, ол жататын бөлменің тазалығын сақтау керек.<ref name="source3">“Қазақ Совет Энциклопедиясы”, ІV том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жеке адам|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}