Жезқазған мысы (жинақ)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жезқазған мысы - орыс тілінде жазылған очерктер жинағы (Қарағанды, 1996 жылы, көлемі 12,18 баспа табақ, 148 бет, таралымы 2000 дана). Авторы - Валерий Михайлович Могильницкий. «Алтынға теңелген», «Өмір - баянның бастауы - Қарсақбай», «Ұлы жеңістің қайнар көзі», «Жезқазғанның келешегі - күмәнсіз» және «Сәтбаевтың мұрасы» деп аталып, 4 тараудан тұратын шағын жинақта осы өңірдегі алып мыс қоймасының танылу, қазылу, көркею тарихы академик өмірімен байланыстырыла көркем тілмен суреттелген. Кітаптың кіріспе бөлімінде баспа редакциясы Орталық Қазақстан өңіріне есімі мәлім журналистің бұл кітабы академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 100 толуына арналғанын баса айтқан. Могильницкий орыс тілінде ғұлама ғалым өмірін айшықтау мақсатымен «На земле Сатпаева», «Сарыарқа», «Созвездие талантов», «Город в степи» және басқа кітаптарын өткен ғасырдың 90-жылдарынан бері үзбей жариялап келеді.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жезқазған мысы (жинақ)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}