Жаңа Каледония

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:17, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Жаңа Каледония (Үлгі:Lang-fr) — Тынық мұхиттың оңтүстік-батысында, Меланезия топаралдарының құрамындағы арал. 1946 жылдан Францияның иелігінде. Ауданы 19,0 мың км². Тұрғыны 180 мың адам. Құрамында Жаңа Каледония (16,7 мың км²), Луайоте, т.б. аралдар бар. Биік шалғынды өсімдіктер, сирек ормандар, жоғары белдемде шырша тұқымдас ағаштардан тұратын ормандар өскен. Қойнауынан темір, никель кентастары өндіріледі. Тұрғындары жер өңдеу (тропик. жемістер), балық аулаумен айналысады. Әкімшілік орталығы — Нумеа қаласы.

Тарихы

Ағылшын теңіз саяхатшысы Джеймс Кук ашқан (1774). Атауы Шотландияның көне атауымен қойылған.

Халқы

Үлгі:Тәуелді аймақтар {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Бастама