Жақып Бапыұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:56, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Жақып Бапыұлы (1850, Қара Ертістің жоғарғы алқабы — 1943, сонда) — би, қоғам қайраткері.

Атасы Топан, әкесі Бапы Шығыс Түркістандағы абақ керейдің (оның ішінде барқы руының) беделді билері болған.

Ел ісіне ерте араласқан Жақып 1913 жылы әкесі қайтыс болған соң билік тізгінін өз қолына алады. 20-ғасырдың басында Қытайдың Цин империясы мен Ресейдің екі жақты қысымына қарсы батыл қимылдар танытып, 1921 жылы Ресейден қашып барған ақ гвардия генералы Бакичтің лаңына тойтарыс беруге, “Батыста мұсылман мемлекетін құрамын” деген желеумен келген дүнген генералы Махиыңның армиясын 1932 жылы Алтайдан қууға қатысады. Ел ішіндегі дау-жанжалдарды шешуде әділдігімен көзге түскен Жақып би туралы “сөздің нарқы білмейді, барқы (руы) біледі” деген сөз қалған. Еженхан тарапынан Жақып биге берілген гауhар жиекті құлпытас мөрі елдің ішінде ғана емес, сыртқы қатынастардағы құжаттарда да қолданылған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жақып Бапыұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}