Жақия Исатайұлы
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жақия Исатайұлы (1811 — ө.ж.б.) — батыр. 1836 — 38 ж. Бөкей Ордасындағы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлының баласы. Әкесі басшылық жасаған көтеріліске қатысып, көтерілістің ауыр жағдайларында өзінің батырлығымен, тапқырлығымен көзге түскен. Соңына ерген сарбаздарымен арнайы тапсырмаларды орындауда шеберлік танытқан.
Махамбет Өтемісұлы өлеңіндегі: “Баласы Исатайдың Жақия-ды, Жақия жауды көрсе ақияды” деген шумақтар оның осы ер мінезінен туындаса керек. Көтерілістің орта кезінде (24.12.1837) Жайықтың шығыс бетінде қапыда жау қолына түскен Жақияны орыстың әскери соты 250 солдат арасынан 3 рет өткізіп дүре соқтырады да, шала-жансар батырды Финляндияға жер аударады. Сол кеткеннен Жақия елге қайтып оралмайды.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жақия Исатайұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}