Жан Нувель

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:30, 2017 ж. ақпанның 14 кезіндегі Ismukhammed (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Сәулетші Жан Нувель (Үлгі:Lang-fr; 12 тамыз 1945; Фюмель, Ло және Гаронна, Франция) танымал француз сәулетшісі.

Өмірбаяны

1972 жылы Жан Нувель Париж қаласындағы Ұлттық бейнелеу өнері академиясын (École nationale supérieure des beaux-arts) бітірді. Академияны бітірер алдында ол Франсуа Сеньормен бірге өзінің алғашқы сәулеттік бюросын ашады. 1976 жылы құрылған «Марс 1976» және «Сәулеттік синдикат» сәулет өнері қозғалыстарының негіздеушісі болып табылады.

Нувель «Architecture Studio» сәулеттік бюросымен бірлесіп жасалған Париждегі Араб әлемінің институты (Institut du monde arabe) жобасынан кейін әлемге танымал болды.

1994 жылы ол Франциядағы ең ірі (2006 жылдың дерегі бойынша 140 қызметкер жұмыс істейді) сәулеттік бюроларының қатарына кіретін "Жан Нувельдің ательесі" атты студиясын ашты. Қазіргі кезде ол Францияда және шетел елдерінде 40-тан астам жобалармен айналысады. Бюроның орталық бөлімі Париж қаласында, ал филиалдары Лондонда, Копенгагенде, Миннеаполисте, Римде, Мадридте және Барселонада орналасқан.

1991 жылы ол Франциядағы Сәулет институтының вице-президенті ретінде тағайындалды, ал 1993 жылы американдық Сәулетшілер институтының құрметті мүшесі атағына ие болды.

Нувельдың бірінші некеден екі үлкен баласы және екінші некеден бір қызы бар. Оның үшінші әйелі — швед сәулетшісі Миа Хагг.

Жобалары және сәулет құрылыстары

Үлгі:Commonscat

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Притцкер сыйлығының иегерлері