Жанғабыл Әтекеұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:56, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Жанғабыл Әтекеұлы, Жанғабыл шешен (1851 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Шәлкөде өзенінің бойы, Ақбастау өңірі - 1924 жыл Райымбек ауданы, Қарасаз аулы) - би шешен.

Әкесі Әтеке да қажыға барған, ел ішіндегі беделді кісі болған. Жетісуда "Атекем айтты дегенше, Әтекең айтты десеңші" деген тәмсіл сақталған. Әке өнегесімен Жанғабыл 16 жасынан билік сөз айтып, ел ішіндегі дау-дамайларды шешетін дәрежеге жеткен. Кейіннен елінің намысын қорғап, жылына бір рет Көкалы жардың көпірінде (Іле өзені) өтетін жиынға қатысып, әр алуан дауға билік айтқан, жөн - жосық көрсеткен. Ұзақ, Жәмеңке, Диқанбай, Нөке, Жансерке сияқты ел жақсыларымен араласып, ел бірлігін, ағайын татулығын сақтауды мұрат еткен.<ref>Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық (толықтырылған 2 - басылым). - Алматы: "Аруна Ltd." ЖШС, 2010. - 786 б. ISBN 9965 - 26 - 175 - X</ref>

Дереккөздер

<references />