Жануарлардың жүйеленімі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:47, 2015 ж. сәуірдің 29 кезіндегі Erboldilyara (Талқылауы) істеген түзету

Жануарлардың жүйеленімі(грек. systematіkos – жүйеге келтіру) – жануарлар әлемінің әр түрлілігіне байланысты, олардың ұқсастық белгісіне не арасындағы айырмашылығына қарай, жануарларды сипаттау, топтастыру және жүйелеу. Бір-біріне өзара жақын түрлердің тобы – туысқа (genus), жақын туыстар – тұқымдасқа (famіlіa), жақын келетін тұқымдастар – отрядқа (ordo), отрядтар – класқа (classіs), кластар – типке (phylum) біріктіріледі. Осындай жүйелеу топтарына аралық таксондар, мыс., типке – тип тармағы, класқа – класс тармағы, т.б.; сондай-ақ класс үсті, отряд үсті, т.б.) қосылады. Жануарлардың ірі классификац. бірлігі – тип. Бұл – ғасырлар бойы дамыған филогенет. жүйенің қорытындысы. Ж. ж-ндегі ең кіші таксон – түр. Әрбір түрге екі сөзден тұратын латынша аты берілген. Бірінші сөз зат есімі – туыстың аты, екінші сөз сын есімі – түрдің аты. Жануарлар типтері екі бөлімге: омыртқасыз жануарлар (қарапайымдылар, губкалар, ішекқуыстылар, ескектілер, жалпақ құрттар, немертиндер, жұмыр құрттар, буылтық құрттар, буынаяқтылар, онихофорлар, моллюскілер, қармалауыштар, тікентерілілер, погонофорлар, жартылай хордалылар, қылқанжақтылар) мен омыртқалы жануарлар (хордалылар) бөлінеді.‎ Үлгі:Uncategorized