Жанпейіс Нұрмаханбетұлы Қобланов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:34, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Жанпейіс Нұрмаханбетұлы Қобланов - 1959 жылы 11 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Мақталы ауылында туған. Педагогика ғылымдарының кандидаты (1998).

Әкесі - Қобланов Нұрмаханбет (1911-1993). Анасы - Қобланова Хадиша Асанбайқызы (1925-1993).

Өмірбаяны

  • Шымкент педагогикалық институтының дене тәрбиесі және спорт факультетін (1984), дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі;
  • Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің қаржы және несие факультетін бітірген (2003), экономист-қаржыгер.
  • Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің танымдық қызметтерін белсенді ету».
  • Халықаралық психология ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі (2000 жылдан).
  • М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры (2001 жылдан).
  • 1984 жылдан - Шымкент дене тәрбиесі техникумының дене тәрбиесі мұғалімі, күндізгі оқу бөлімінің меңгерушісі, директор орынбасары.
  • 1991 жылдан - М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі, спорт және туризм факультетінің деканы.
  • 2003 жылдан - «Қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық дайындық орталығы» РМҚК директоры.
  • 2006 жылдан бері - М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Дене шынықтыру институтының директоры.

Еңбектері

  • «Спорт әлемінің тарихы мен түсіндірме сөздігі» (Шымкент қаласы, 1999)
  • «Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы» (Алматы қаласы, 2002)
  • «Спорттық қызметтерді психологиялық қамтамасыздандыру» (Шымкент қаласы, 2004) кітаптарының;
  • «Сутденттердің танымдық әрекеттерін үдету» монографиясының (Шымкент қаласы, 1998);
  • 70-тен астам ғылыми мақалалар мен жарияланымдардың авторы.

Марапаттары

  • ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1998).
  • ҚР Білім беру ісінің үздігі (1998).
  • ҚР спортының құрметті қайраткері (2003).
  • ҚР БҒМ ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері (2008).
  • ОҚО Түлкібас ауданының Құрметті азаматы.
  • ҚазКСР спорт шебері (1982).
  • Ы. Алтынсарин атындағы (2006)
  • «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен,
  • «Қазақ күресін дамытуға зор үлес қосқан үшін» Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының құрмет медалімен (2010);
  • «ҚР дене тәрбиесі және спортын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» белгісімен (1997);
  • ҚР БҒМ, ҚР ҰОК Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Жеке қасиеттері

  • Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін біледі.
  • «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2005 жылдан).
  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Әлемнің дамыған 50 елі қатарындағы мемлекет».
  • Хоббиі - әдеби шығармаларды оқу, классикалық музыкаларды тыңдау.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет.
  • Үйленген. Жұбайы - Қобланова Сәуле Сағындыққызы (1961 жылы туған). ұлдары - Ержан (1985 жылы туған), Жандос (1988 жылы туған), Нұржан (2000 жылы туған). Немересі - Аделина (2008 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub