Жанна Дачеровна Егімбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:10, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Жанна Дачеровна Егімбаева. 1953 жылы 12 мамырда РКФСР Камчатск облысы Қарағы ауданы Ивашка ауылында туған. Корей.

Талдықорған заң техникумын (1980); С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1985), заңгер. «Нұр Отан» ХДП мүшесі. 1971 жылдан - Семей тоқыма фабрикасының тігінші-мотористі, Жамбыл аудандық түрмыстық комбинатының тігінші-моторисі. 1975 жылдан - Жамбыл аудандық соты кеңсесінің басшысы, Алматы облыстық сотының сот отырысының хатшысы. 1981 жылдан - «Казглаввторресурсы» келісімдік-құқықтық басқармасының аға заң кеңесшісі, басшысы. 1988 жылдан - ҚазКСР Мемлекеттік жабдықтау комитетінің келісімдік-құқықтық басқарма басшысының орынбасары. 1991 жылдан - ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Министрлер кабинетінің бас сарапшысы, заң белімінің меңгерушісі. 1994 жылдан - ҚР ПрезидентӘкімшілігінің заң белімінің меңгерушісі. 2002 жылдан бері - ҚР Премьер-министр Кеңсесінің заң бөлімінің меңгерушісі.

«Құрмет» орденімен (2008), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2003) марапатталған.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өте оптимисттік».

Хоббиі - туризм.

Сүйіп оқитын әдебиеті - И.В. фон Гете, У. Шекспир, Ф. Ницше.

Тұрмыс құрған. Жұбайы - Егімбаев Ерболат Зәкірияұлы (1950 жылы туған), «Қазақстан-Варгаши» ЖШС директоры Қызы - Егімбаева Майя (1977 жылы туған), ұлы - Егімбаев Талғат (1982 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}