Жанкүйерлердің белсенділігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жанкүйерлердің белсенділігі, кез келген спорт түрлерінің өздерінің тілеулестері, жанкүйерлері бар. Олар өздері қалаған спорт түрлеріндегі қаһармандарды, жұлдыздарды жақсы біледі, солардың өмірі мен өнерін әңгімелеріне өзек етеді. Мысалы, 2008 ж. ҚХР-дың Пекин қаласында өткен XXIX жазғы Олимпиялық ойындардың бәсекелерін жер шарын мекендеген 6 миллиардқа жуық халықтың 3,5 миллиарды теледидар арқылы тамашалапты. Сол сияқты футболдан, хоккейден, бокстан Әлем чемпионатары мен ірі халықаралық жарыстар еткен кезде миллиондаған адамдар қай уақытта көрсетілсе де дидар- бейне алдына жиналады. Ал жарысты тікелей тамашалаған кезде оның жанкүйерлері стадиондар мен спорт залдарына жалпы жарыс өтетін құрылыстарға барып өзі тілеулес спортшыға қолдау көрсетеді. Мұндай қолдаудың спортшыға тигізетін әсері үлкен. Тіпті қазір Спорт жарыстарын ұйымдастырушылар өз командаларын жігерлендіру үшін арнайы топтар құрады. Мұны "волонтерлер" деп атайды. Жарысқа тікелей қатыспайтын, бірақ қолдау керсететін топтар бар олардың қатарына

  • А спортшының отбасы, туған-туыстар;
  • Б достары мен таныстары;
  • В Сол спорт түрінің жаттықтырушылары мен әртүрлі елдердегі жанкүйерлері жатады.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жанкүйерлердің белсенділігі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}kk:Жанкүйер