Жандарбек Мәлібеков
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Infobox Biography Мәлібекұлы, Жандарбек — сәулетші.
Қысқаша өмірбаяны
1942 жылы Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келді.
Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген.
Ташкент қаласындағы ғылыми-зерттеу жобалау институтының қала құрлысы шеберқанасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетші болған.
Негізгі шығармашылық жұмыстары
- Әндіжан қаласындағы әуежай,
- Ташкенттегі Үкімет қонақ үйі,
- Ферғанадағы Облыстық пошта,
- Самарқандтағы Облыстық әкімшілік үйі,
- Драма театры мен
- Орталық кітапхана ғимараттарын,
- Ангрен, Ферғана және Самарқан қалаларындағы бірқатар тұрғын үй аудандары құрылысын жобалауға қатысқан.
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторы.
Марапаттары
- «Құрмет» орденінің иегері
- Өзбекстанға еңбегі сіңірген сәулетші.