Жанболат Мәжитұлы Досмұхамбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:46, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Жанболат Мәжитұлы Досмұхамбетов (1933 жылы туған, Астрахан облысы Владимир ауданы Басқұншақ ауылы) – мұнайшы, ғылым кандидаты (1978). Қазақ КСР-інің еңбек сіңңрген геолог барлаушысы. И.Губкин атындағы Мәскеу мұнай-газ институтын бітірген (1958). 1958 – 68 жылы Мақат бұрғылау кеңесінде инженер-геолог, аға геолог, Батыс Қазақстан геология басқармасының аға геологы болып, Шығыс Жетібай, Қарамандыбас, Тасболат және Теңге кен орындарының ашылуына тікелей басшылық еткен. 1968 – 87 жылы Қарақия мұнай барлау экспедициясының, Жетібай бұрғылау жұмыстары, Маңғыстау барлау-бұрғылау басқармасының бас геологы. 1987 – 96 жылы Қазақ мемлекеттік мұнай өнеркәсібінің ғылыми-зерттеу және жобалау институтында лаборатория меңгерушісі болды. «Халықтар достығы» орденімен (1986), «Еңбектегі ерлігі үшін» (1971), «Ерен еңбегі үшін» (1970) медальдарымен марапатталған.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 </ref> <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жанболат Мәжитұлы Досмұхамбетов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}