Жанайдар Баймырзаұлы Мусин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:57, 2014 ж. сәуірдің 21 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Жанайдар Баймырзаұлы Мусин (1936, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Қараөткел ауылы – 1991, Көкшетау қаласы) – жазушы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1976). Көкшетау қаласындағы педагогикалық училищені (1955), Киров атындағы ҚазМУ-ды (1960) бітірген. 1960 – 65 жылдары «Көкшетау правдасы», «Тың өлкесі» газеттерінде әдеби қызметкер, 1965 – 71 жылдары Қостанай және Талдықорған облыстық газеттерінде редактордың орынбасары, 1971 – 89 жылдары облыстық «Көкшетау правдасы» газетінің редакторы, 1989 – 90 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясы Көкшетау облыстық комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған. Мусин журналистік қызметін көркем шығармашылықпен табысты ұштастыра білді. Оның қаламынан «Үміт» (1972), «Тың нұры» (1974), «Жер шоқтығы Көкшетау» (1989) әңгімелер мен очерктер жинақтары және «Ақ алаң» (1977), «Туған үйдің түтіні» (1983) романдары дүниеге келді. «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған. КСРО Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1978). Облыс орталығындағы қазақ педагогикалық колледжіне Мусин есімі берілген.

Дереккөздер</span>

«Ақмола облысы» энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жанайдар Баймырзаұлы Мусин|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}