Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жаманат"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

18:48, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі нұсқасы

Жаманат — өлім-жітім болғанда , кенеттен жау тигенде немесе кездейсоқ жағдайға ұшырағанда айтылатын суық хабар. Дәстүрлі қазақ қоғамында ел тыныштығын ойлаушы әрбір адам: “Құдайым жаманатынан сақтасын!” деп тілеп, ауылға, үйге қарай дүсірлете шауып келген адамға: “Жаманат хабар жоқ па?!” деп шошына қарайтын болған. Жасы келген қариялардың өз ұрпақтарына, сүйікті балаларына өмір тілеп: “жаманатын естіртпей, осылардың алдында алсын” дейтін ізгі тілегі де осыдан қалған. Кейде “жаманат келтірді”, “жаманатқа қалдырды” деген мағынада да айтылады. Бұл жолдас-жорасын, ағайын-туғанын, т.б. ыңғайсыз жағдайға душар етті, жаман ат пен атаққа іліктірді деген мағынаны білдіреді.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}