Жамаладдин Босақов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:07, 2017 ж. сәуірдің 16 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Жамаладдин Босақов (15 мамыр 1918, Алматы облысы Жаркент12 наурыз 1987, Алматы) — жазушы.


  • ҚазМУ-ді бітірген (1960).
  • 1951 — 1987 жылдары “Жазушы” баспасында ұйғыр әдебиеті бөлімін басқарды.

Шығармалары

  • Алғашқы әңгімелері “Достық” жинағына (1952) кірді.
  • “Халық жыршысы” атты тұңғыш кітабы 1957 жылы жарық көрген.
  • “Таң самалы” (1969)
  • “Жалын” (1971) повестері
  • “Мұғалімдер” романы (1975)
  • “Дүрбелең” роман-дилогиясы (1964, қазақ тілінде 1983)
  • “Біздің Сулихи” шығармалар жинағы (1982) — автордың қарымды еңбегінің нәтижелері.

Босақов шығармаларында Қазақстандағы ұжымдастыру кезеңі, ауыл адамдарының тұрмыс-тіршілігі, адамгершілік мәселелері көрініс тапқан.

М.С. Бубенов, Т.З. Семушкин, И.Т. Мамякин, А.Қадыри, Ю.П. Герман шығармаларын ұйғыр тіліне тәржімалады. Босақов шығармалары қазақ, орыс, өзбек, башқұрт тілдеріне аударылды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті