Жалғасбай Аралбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аралбаев Жалғасбай (31 наурыз, 1893, Қызылорда облысы Қазалы ауданы1979, Қарақалпақстан, Нүкіс қаласы) — ақын, әнші, күйші.


Сыр өңірі ақын-жыраулары мен әнші-күйшілерінің шығармаларын ел арасына таратқан. 1934 жылы халық өнерпаздарының республикалық слетіне қатысқан. Нартай Бекежановтың эстрадалық концерт бригадасында өнер көрсеткен. Соғыстан кейін Қарақалпақстанға қоныс аударып, Қарақалпақ филармониясының қазақ труппасында қызмет істеген. Толғаулары мен әндері, өзі шығарған күйлері халық арасына кең тараған. Аралбаевтың орындауындағы Базар жыраудың “Ақтолық-ай”, “Күміс-ай”, Шораяқтың Омарының “Өмір өткелдері” толғаулары, халық күйлері, өзінің “Өсекшілерге”, “Өткен заман, қай заман”, “Көрерге көркің болмаса” жырлары мен екі күйі күйтабаққа түсірілген.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті