Жалғандық детекторы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жалғандық детекторы - адамның аффектілік жай-күйін сипаттайтын физиологиялық көрсеткіштерін объективті зерттеуге арналған аппараттар жинағы. Жалғандық детекторы АҚШ-та жасалған, көбіне юристік практикада құқық бұзушыларды тергеу кезінде қолданылады. Жалғандық детекторында сыналатын адамға терігальваникалық реакцияны (ми биотоктарын жазу), плетизмограмманы (ағзаның тамырлық реакциясы), тремор (бұлшық еттер дірілі) және т.б. тіркейтін аспаптардың датчиктері бір таспаға шығарылып, тәжірибелі тергеуші ол көрсеткіштер бойынша сыналушының эмоциялық жай-күйі туралы оның мінез-құлқының сыртқы нысандарын ғана бақылаған кездегіден гөрі неғұрлым дәл пікір түйе алады. Мұнда әдейі жаттықпаған адамның вегетативтік реакцияларды іс жүзінде өз ырқымен басқара алмайтыны негізге алынады. Жалғандық детекторында сынау оның нақ көзделіп отырған эмоциогендік жағдаятқа қатысты реакциясын тіркейтініне кепілдік бермейді. Бұлар қорқыныш, үрей, депрессия күйіне душар ететін тергеудің өзіне деген реакциялар болуы мүмкін. "Шын мәніндегі" эмоцияларды аппаратуралық әдістемелерден "индукцияланған" эмоциялардан саралау мүмкін емес. Осының өзі көптеген соттық қателерге себепші болып, жалғандық детекторында сынауға қарсылық туғызды. Психологияда жалғандық детекторы шыққанға дейін-ақ қылмыстың "аффектілік іздерін" зерттеу әдісі талданып белгіленген болатын.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}