Жаз туралы естеліктер (көрме)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

«Жаз туралы естеліктер» көрмесі Өскемен қаласының тұрғыны Андрей Иванович Охотенконың көбелектер коллекциясын назарға ұсынған. А.И.Охотенко Красноярск өлкесінің Абакан қаласында дүниеге келген. 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласына қоныс аударады, сол жақта махаон-көбелекті бірінші рет көрген екен. Осы оқиға оның көбелектер коллекциясын жинауға түрткі болады.

1982 жылы Андрей Ивановичте «Смена-Символ» фотоаппарты пайда болды. Алғашқы түсірген фотосуреттерінің толғандырғаны соншалықты, ол осы өнерге бар ынтасымен беріліп кетті. Сөйтіп, А.И.Охотенко өз кәсібін фотокамерамен байланыстырды. Адамдар ежелден көбелектердің сұлулығы мен нәзіктігіне тәнті болған. Қалықтап ұшып жүретін осы бір тіршілік иелері туралы әлем халықтарының барлығында дерлік аңыздар мен мифтер бар. Ата-бабаларымыздың көбелектер туралы түсінігі өмір, жан-дүние, махаббат, бақыт сияқты адам үшін ең маңызды ұғымдармен байланыстырылып келді. Көрме қыстың қытымыр аязы кезінде от жалынындай ұшқын шашып, келерменнің әрқайсысының жан-дүниесіне жылылық сезімін ұялатады деген сенімдеміз.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА