Еуропа (арал)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:42, 2016 ж. шілденің 25 кезіндегі GanS NIS (Талқылауы) істеген түзету

{{#invoke:Message box|ambox}}

Сурет:Ile europa 76.jpg
Европа аралының көрінісі

Еуропа аралы (Үлгі:Lang-fr) — Мозамбик бұғазында Африка материгі мен Мадагаскар аралының ортасында орналасқан. Ол Франция елінің құрамына кіреді.

Еуропа аралы жайлы мәлімет

Жалпы аумағы 28 км², теніздің жағасы 22,2 км. Орналасқан координаты 22° 20′ о. е., 40° 22′ ш. б. Арал барлық жағынан кораллды жағажайлармен және рифтермен қоршалған, бұларды 9 км² болатын теңіздік лагуналар теңізден бөліп жатыр. Лагуна мен оның жағасында мангролық түрге кіретін өсімдіктер өседі. Мангролық өсімдіктерден басқа аралда құрғақ орман мен бұталар, сондай - ақ ежелгі дәуірден өсіп келе жатқан өсімдіктерді осы жерден көре аламыз. Еуропа аралы қорықтарға кіреді. Аралда теңіз құстары ұя салады. Бұл арал жасыл тасбақалардың көбейетін бірден - бір орны және де бірнеше мың африкалық коздар өмір сүреді. Олар бұл жерге 18 ғасырда әкелінген. Еуропа аралының ландшафты, флорасы мен фаунасы солтүстік - шығысындағы Басас-да-Индия аралына ұқсайды. Жер көлемі - 127 300 км².

Тарихы

Бұл арал өз атын британиялық Еуропа кемесінен алды. Бұл кеме 1774 жылы ең бірінші болып осы аралды ашты. Арал 1897 жылдан бастап, Францияға тиесілі болды, алайда негізгі териториясын Мадагаскар өзіміздікі деп есептейді. Аралдағы көптеген көрлер бұл жерді 1860-1920 жылдары жаулап алуға тырысқандағы сәтсіздікті көрсетеді.

Экономикасы

Арал тұруға жарамағандықтан, мұнда ешқандай экономикалық қарым - қатынастар жоқ. Сондықтанда, аралға метеорологиялық станция салған. Аралды жиі-жиі ғалымдар зерттейді. Аралда кішкене француздық гарнизон орналасқан<ref>Африка жағасындағы елдер Энциклопедиялық сөздік Брокгауз және Ефрон : в 86 т. (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер