Еуропалық шіріме

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:58, 2015 ж. қарашаның 8 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Еуропалық шіріме. Қазақстандағы көптеген омарталарда кездеседі. әсіресе оңтүстік аймақтарда, жаздың бірінші жартысында жиі байқалады. Шіріменің бұл түрінде негізінен жас, ашық ұяшалардағы личинкалар ауырып, қырыла бастайды.

Қоздырғышы

Вас альвей, стр.апис.көп жағдайда стр.плутон микробтары қосылып, ауруды едәуір асқындырады. Ауру жоғарыда айтылғандай жаздың бірінші жартысында кездеседі. Егер ара семьясы күшті, өсіп-өнуі жақсы болса, ауру өзінен өзі басылады. Кей жағдайларда шіріменің екінші рет күз айларында қайталануы мүмкін. Бұл жағдайда асқынаасқына аяғы америкалық шірімеге ұштасып, ұяда ұрықтардың, балапан аралардың санын азайтып, ара семьясына орасан зор зиян келтіруі мүмкін. Аурудың көзі - ауырған ара семьясы. Бөлек ұяларға ауру үйір бөлінгенде, «барымташы» аралар, құрт-құмырсқа, айырқұйрық және басқа жәндіктермен де таралады. Кейбір жағдайда ұяның суықтығы, ұзақ уақыт ара семьясының ашығуы, қоректік заттардың тапшылығы, еркек, ұрғашы аралардың туыстық жақындығы аурудың жіті түрінің өршуіне әкеп соқтырады.

Аурудың белгілері

Ауру алғаш басталғанда кәрездердің ашық ұяшаларында бірлі-жарым (1-4) жас личинкалардың орындарынан қозғалғаны, түсінің солғындап, сарғайғаны байқалады да 2-3 күннен кейін осы ұрықтар күреңденіп қоймалжың шірікке айналады. Ұядан шығарғанда созылмай жыртылып, қоңырсыған иіс пайда болады. Кейіннен шіріген личинкалар кеуіп ұяшалар түбінде бос жатады, олар оңай алынады. Оңтүстікте орналасқан омарталарда (Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл) шіріменің екі түрі бірдей кездессе, ашқылтым иіс омартаға жақындағанда-ақ сезіледі. <ref>Семей мемлекеттік университеті ,«Өсімдік, балық және ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау», оқу әдістемелік кешені, ПОӘК 042-14-03.01.20.9/032012ж</ref>

Дереккөздер

<references/>