Еуропадағы қауіпсіздік пен әріптестік жөніндегі ұйым

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:24, 2015 ж. ақпанның 15 кезіндегі AlexTref871 (Талқылауы) істеген түзету

Еуропадағы қауіпсіздік пен әріптестік жөніндегі ұйым (ЕҚӘҰ) - [Organisation for Security and Cooperation in Europe, OSCE] - 1973 жылы. Шығыс пен Батыстың әріптестігі мен диалогын дамыту үшін шақырылған Еуропадағы қауіпсіздік пен әріптестік жөніндегі Жиналыс негізінде қүрылған халықаралық үйым. Ұйымның штаб-пәтері Прагада орналасқан (Чех Республикасы). ЕҚӘҰ - бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең ірі аймақтық ұйымы, оның қүрамына Еуропаның, Орталық Азияның және Солтүстік Американың 55 мемлекеті кіреді. 1975 жылы 1 тамызда Еуропаның барлық елдері (кейінірек қосылған Албаниядан өзге) және АҚШ пен Канада қосылып "Хельсинки Келісімі" деген атпен белгілі Еуропадағы қауіпсіздік пен әріптестік жөніндегі Жиналыстың Қорытынды актісін қабылдап, мемлекетаралық қатынастардың негізгі принциптерін бекітті: егеменді теңдік, егемендікке тән қүқықтарды сыйлау, күш қолданбау және қоқанлоқы көрсетпеу, шекаралар мызғымастығы, мемлекеттік аумақтың түтастығы, жау-жанжалдарды бейбіт реттеу, мемлекеттің ішкі ісіне араласпау, ой, арождан, дін және сенім еркіндігінен түратын адам қүқы мен негізгі бостандықтарын сақтау, халықтардың өз тағдырын өзі шешу қүқы, мемлекеттер арасындағы әріптестік, халықаралық қүқық бойынша міндеттемелерді адал, бүлжытпай орындау. ЕҚӘҰ Хельсинкілік келісімдердің орындалуын бақылауға, сондай-ақ қақтығыстардың алдын алу мен қақтығыстар салдарын жоюға бағытталған. Оның әрекет аймағына әлемге төнген қауіптердің алдын алу, ескерту, қарулануға бақылау орнату, өзара сенім мен қауіпсіздік шараларын күшейту, экономикалық және экологиялық қауіпсіздік мониторингі, сондай-ақ адам қүқы бүзылмауын қадағалау жатады. Қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан кейін ЕҚӘҰ Еуропадағы бейбітшілікті нығайтуды, әділеттілікті қамтамасыз етуді өзінің басты міндеті ретінде қарастыруда. ЕҚӘҰ-ның барлық мүшеелдері өзара тең қүқықты; шешім келісімге негізделеді. Хельсинкидегі жиналыстан кейін жоғары деңгейде бірнеше кездесулер өтті. Осылайша, Парижде (1990) өткен саммитте ЕҚӘҰ мүшеелдерінің жетекшілері Еуропадағы аумақтық түтастық үстанымын қүрметтеу жөніндегі Декларацияға қол қойып, қырғи-қабақ соғысқа соңғы нүкте қойды.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

Cілтемелер

Үлгі:Commonscat

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Еуропадағы қауіпсіздік пен әріптестік жөніндегі ұйым|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

eu:Europako Segurtasun eta Kooperazio Erakundea