Есім хан кесенесі
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Есім хан кесенесі — Түркістан қаласында 17 ғасырдан сақталған архитектуралық ескерткіш. Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің батыс мұнарасынан оңтүстікке қарай 12 м жерде орналасқан. Кесене Қазақ хандығының ханы Есім ханның қабірінің басына тұрғызылған. Кесене қирап, бұзылған қалпында ғана жеткен. Ол 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында қираса керек. Кесене күйдірілген кірпіштен төртбұрышты (9х9 м) етіліп өрілген. Негізгі қасбеті портал түрінде болып келеді. Қасбеттері жылтыр қалақтаспен геометриялық ою-өрнектер түрінде әшекейленген. Оңтүстік-шығыс жағында кесенеге кіретін есік бар. Сақталған қабырғасының енінің 1,2 м болуы да биік күмбезді көтеруге шыдайтындығын көрсетеді. Еденіне төртбұрышты күйдірілген кірпіш төселген. Кесененің сақталған бөлігі 2000 жылы қайта жөнделді. Үлгі:Commonscat
Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, III том
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Есім хан кесенесі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}