Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Есім Нұралыұлы"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жол нөмірі 64: Жол нөмірі 64:
 
[[Санат:Қазақ хандары]]
 
[[Санат:Қазақ хандары]]
 
[[Санат:Кіші жүз хандары]]
 
[[Санат:Кіші жүз хандары]]
[[Санат:1797 жылы туғандар]]
 

22:37, 2012 ж. наурыздың 7 кезіндегі түзету

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Нұралыұлы Есім хан (1739/44—27.3.1797) — Кіші жүз ханы (17.9.1795 — 27.3.1797), Нұралы ханның үлкен баласы, Ерәлі ханның мұрагері, Әбілқайыр ханның немересі. Шешесі Орта жүз ханы Күшіктің қызы.

Алғашында Кіші жүз құрамындағы байұлы тайпасының бір руын басқарған. 1795 жылы күзде Орынбор генерал-губернаторы С.К. Вязмитиновтың қолдауымен хан болып сайланды. Есім іс жүзінде Орынбор шекарасына дейінгі Жайық өңірінің далалық жерін қоныстанған жетірудың бір бөлігі мен байұлының кейбір руларына ғана билік жүргізді. Есімді хан сайлауға байбақты руының старшыны, батыр Сырым Датұлы мен оны жақтаушы Кіші жүздің басқа да старшындары қарсылық білдіреді. Бұған себеп: 1788 жылы Есім Сырым батырды Ерәлі ханға ұстап беріп, ол бір жыл қамауда болады. 1794 жылы Сырымның үзеңгілес серігі, есентемір руының старшыны Мыңбай қамауға алынғаннан кейін Сырым батыр бастаған старшындар тобының Есімге қарсы наразылығы күшейе түседі. 1799 жылы 27 наурызда Есім кердері Тілеп Қорбасұлы, шекті Үтеғұл, кете Қосбаймырза, шөмекей Баймырза, алаша Шолақ, т.б. старшындардың қолынан қаза табады. Ханның туған-туыстары Жайықтың арғы жағына қашып, Орал қаласын паналайды. Есім қалмақ бекінісіне қарама-қарсы Орал қаласы маңындағы далада жерленген. Есімнің әйелінен 9 ұлы болған.<ref>["Қазақ Энциклопедиясы", 3 том]</ref>

Пайдаланылған әдебиет

<references/>

Үлгі:Қазақ хандары