Есләм Болатұлы Уахитов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:36, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Есләм Болатұлы Уахитов - 1961 жылы 4 маусымда Көкшетау облысы Еңбекшілдер ауданының Қаратал ауылында туған. Қазақ. Анасы - Уахитова Срор, зейнеткер. Целиноград ауыл шаруашылық институты Көкшетау бөлімшесінің агрономия факультетін бітірген (1987), ғалым-агроном. Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

  • 1978 жылдан - Көкшетау облысы Уәлиханов ауданының «Оңтүстік» кеңшарының «Зере» комсомол жастар брига дасының жұмыскері.
  • 1979-1981 жылдары - Кеңес Әскері қатарында қызметте.
  • 1982 жылдан - Целиноград ауыл шаруашылық институты Көкшетау бөлімшесінің студенті.
  • 1987 жылдан - Көкшетау облысы Уәлиханов ауданының «Оңтүстік», «Қонбас» кеңшарларының бас агрономы.
  • 1995-1999 жылдары - СҚО Целинный ауданы өсімдіктерді Қорғау стансасының бастығы.
  • 2001 жылдан - СҚО Целинный аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы.
  • 2004 жылдан - СҚО Тайынша ауданы «Котовское СК фирмасы» ЖШС директоры.
  • 2006 жылдан - СҚО Аққайың ауданының әкімі.
  • 2007 жылдан бері - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімі. 2-ші шақырылған Солтүстік Қазақстан облысы облыстық мәслихатының депутаты (1999-2003). «Еңбектері үшін» орденімен (2010), «Әскери еңбегі үшін» медалімен (1982) марапатталған. ҚР Президентінің Алғыс хатымен (2001) ескерілген.

Әскери атағы - сержант.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономикалық тұрақты мемлекет».
Хоббиі - күрес, ат спорты, жылқы үстінде серуендеу.
Сүйіп оқитын әдебиеті - Сәбит Мұқанұлы Мұқанов, Е. Мырзахметов, А. Құнанбаев, Б. Момышұлы.

Үйленген. Жұбайы -Уахитова Сәуле Есенқызы (1964 жылы туған). Қыздары - Уахитова Жұлдыз (1990 жылы туған), Уахитова Анара (1991 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub