Есет Төлепұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:56, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

ЕСЕТ Төлепұлы (1820, қазіргі Сырдария ауданы Шаған ауылы – 1882) – би. Дербіс Алаша руынан шыққан. Сыр бойындағы қарақалпақ-қазақ арасындағы жер қоныс дауын әділ шешіп отырған. Есет ел билігіне 19 ғасырдың 50-жылдарында-ақ араласа бастаған. 1850 жылдардағы қазақ – орыс қатынастарына байланысты құжаттарда Есет есімі жиі аталады. Ақмешіт қорғанын алуға қатысқаны, үшін Есетті Ресей үкіметі «Қасиетті Анна» ленталы күміс медальмен марапаттаған. Орынбор қазақтарының 4 депутациясы құрамында 1860 жылы Санкт-Петербургте болған. Депутация мүшелерін патшаның 1860 жылы 9 тамызда қабылдаған. Есетке 1860 жылы 15 сәуірде зауряд-хорунжий атағы берілді. 1863 жылы Шаған өңірінен ашылған пошта бекетін басқарған. 1863 жылдары Құнанбай Өскенбайұлымен бірге Меккеге барып қайтқан. Есет жайында ел аузында сақталған аңыз-әңгімелер, ақын-жыраулардың өлең-жырлары көп. Шаған ауылындағы кесенесі жөнделіп, басына белгі қойылған. Ауылдың орталығы көшесіне Есет аты берілген.

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Есет Төлепұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}