Есен Ермембет Тұрұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:56, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Есен Ермембет Тұрұлы (1818 – 1908) – Адай елі мен Хорезм (Хиуа) хандығы арасында елшілікте жүрген, руаралық дау-жанжалды әділ шешкен мәмілегер би. 1870 – 73 жылы Иса, Досанбасқарған көтерілісте жасақ басшыларының бірі болды. 1873 жылдың көктемінде патшаның жазалаушы әскерін Ауызорпа, Мәстек жерлерінде жасағымен тосып алып, ары қарай өткізбеген. Ломакин бастаған басқыншы қолмен Хиуа шекарасында бірнеше партизандық ұрыс жүргізген. Патшаның көтерілісшілерге берген кешіріміне байланысты туған жерге оралып, шаруашылықпен айналысты. 1890 жылы іссапармен келген неміс этнографы Р.Карутцке жолбасшы болып көмектескен. Р. Карутц Есен Ермембеттің фотосуретін түсіріп, «Маңғыстау түрікмендері мен қазақтары» атты еңбегінің немісше басылымында жариялаған.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref><ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;</ref><ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Есен Ермембет Тұрұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}