Есенжол Домбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Есенжол Домбаев, Есімғали ( 1938 жыл 2 мамыр Атырау облысы Индер ауданы Шолақ Шағыл) — жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Осы ауылдағы Елтай орта мектебін 1956 жылы бітірген соң, Алматыдағы «Қазақфильм» киностудиясында, НИИАТ-та қара жұмысшы болып істеген. 1961 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін бітірген. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Ара», «Жаңа фильм» киностудиясында әдеби қызметкер, фельетонист, бөлім меңгерушісі, аға редактор, бірлестік директоры болып қызмет атқарған. ҚазМУ-дің журналистика факультетінде сырттай оқыған.

1957 жылы оның Әліби Жангелдиннің Қазан қаласында діни семинарияда оқып жүрген кезінен жазған «Алғашқы сабақ» атты бір актілі драмасы республикалық бәйгеде екінші сыйлық алды. «Біздің ауылда қызықтар бола береді», «Өтірік әңгіме» атты комедиялары облыстық театрларда қойылған. «Кешегі күннің күркілі», «Тәуелсіздік таңы» (2008) пьесаларын жазды. «Ұрпақ қамы» киносценарийдің авторы.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Н. Гогольдің «Мұрын» повесін, М. Салтыков-Щедриннің «Бір қаланың тарихы» романын, серб сатиригі Б.Нушичтің «Менің өмірбаяным» (О.Әубәкіровпен бірігіп) аударған, болгар сатиригі Чудомирдің «Ескерткіш» деген атпен шыққан әңгімелерін, түрік сықақшысы Ә.Несиннің әңгімелерін қазақ тілінде сөйлеткен.

Шығармалары

  • Болмаған оқиға. Сатиралық повесть. А., «Жазушы», 1965;
  • Ол осындай адам. Әзіл әңгімелер. А., Жазушы, 1967;
  • Ғашықтық туралы мың бірінші баллада. Сатиралық повесть. А., «Жазушы», 1970;
  • Менің бауырларым. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1977;
  • Біздің кластың қыздары. Әзіл әңгімелер. 1977;
  • Жаман Жәутік. Роман. А., «Жазушы», 1980;
  • Сыйлық Повестер мен әңгімелер 1987;<ref>Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1</ref>
  • Жаман Жәутік. Роман, (екіншікітап). А, 2009.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}