Есенбай Сасанұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:49, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Есенбай Сасанұлы (1843 жыл, Ақмола облысы Қима ауданы Терісаққан бойы — 1925 жыл, Ақмола облысы Қима ауданы Терісаққан бойы) — ақын.

Орта жүз құрамындағы арғын тайпасының қарауыл руынан шыққан.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9</ref>

19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында бүкіл Ақмола, Көкшетау, Торғай өңіріне есімі мәлім болған. Орынбай, Ақан серілермен бірге жүріп, өнер үйренген, тарбағатайлық Мыстанай ақынмен айтысқан. Суырып-салма ақындығымен қатар әншілік, күйшілік өнерімен де танылған. Ақынның, әсіресе, “Балазар” деген топтама жырларының көркемдік шоқтығы биік. Есенбайдың адам өмірінің кезеңдері, ел ынтымағы, қайырымдылық, баршылық пен жоқшылық, билік туралы өлең-жырлары Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы ұрпақтарының қолында сақтаулы.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}