Ерғали Әбдімомынұлы Шығанбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:03, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Ерғали Әбдімомынұлы Шығанбаев - 1964 жылы 16 тамызда Жамбыл облысы Луговой ауданы Тереңөзек ауылында туған. Әкесі - Шығанбаев Әбдімомын (1939-1975). Анасы - Шығанбаева Ажаркүл, (1942 жылы туған), зейнеткер. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1987) «Металды қысыммен өңдеу машиналары және олардың технологиясы» мамандығы бойынша; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (1999) заңгер мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

  • 1987 жылдан - Қырғыз КСР Мал шаруашылығы және малға азық өндіру министрлігінің «Ауылшаруамашинақұрылыс» зауытының ұсташы-тығыздау цехының шебері (Фрунзе қ.).
  • 1988 жылдан - «КСРО Целиноград ауылмашинақұрылыс» ЖШС 3-ші санатты инженер-технологы (Целиноград қаласы).
  • 1988 жылдың қазанынан - ҚазКСР ЛКЖО «Жамбыл» кеңшары комсомол комитетінің хатшысы.
  • 1990 жылдан - «Казсветмаш» КӨБ инженері (Алматы қаласы).
  • 1993 жылдан - «Массагет» АҚ техникалық бюросының бастығы (Алматы қаласы).
  • 1994 жылдан - ҚР кеден органдарында қызметте.
  • 2009 жылдың тамызынан бері - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Қарағанды облысы бойынша Кедендік қадағалау департаментінің бастығы.

2-ші дәрежелі «Кеден органдарындағы үздік қызметі үшін», «Қажырлы еңбегі үшін», «Кеден қызметіне 10 жыл», «Кеден қызметіне 15 жыл» белгілерімен; ҚР Кедендік бақылау комитетінің құрмет грамоталарымен марапатталған.

Әскери атағы - кеден қызметінің полковнигі.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Біз экономикасы аса дамыған әлемдегі мемлекеттердің бірі болып табыламыз».
Хоббиі - спорт.
Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи романдар, деректі және философиялық шығармалар.

Үйленген. Жұбайы - Шығанбаева Гүлнар. Балалары - Әсел, Сағи, Ағын.<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub