Ерғали Сиябекұлы Оразымбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:34, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ерғали Сиябекұлы Оразымбетов<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9,"Қазақ Энциклопедиясы", 10 том</ref>(10.10.1943 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданы Шорнақ ауылы) – режиссер, Қазақстанның халық әртісі (1998).

Толығырақ

Алматы қаласындағы мемлекеттік өнер институтын бітіргеннен кейін Оңтүстік Қазақстан облысы қазақ және орыс драма театрының режиссері (19721979), одан кейін Ленинград<ref>Қазақстанның халық комиссарлары (19201946), А., 2004</ref> (қазіргі Санкт-Петербург) қаласындағы Ленсовет атындағы мемлекеттік академия драма театры құрамында (19791981) жұмыс істеді. Жамбыл облысы қазақ драма театрының (1981) және Қызылорда облысы драма театрының (19882001) бас режиссері, Оңтүстік Қазақстан облысы музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі әрі директоры (20012004) болып қызмет атқарды. Ол Қызылорда облысы драма театры сахнасында жергілікті қаламгерлердің (Иран-Ғайып, “Күшігінен таланған”, 1988; “Тоғызыншы вал”, “Желжуан немесе мен байымнан қорықпаймын, соңғы екеуі де 1991; “Батқан кеменің бейбақтары”, 1993; “Мен ішпеген у бар ма?”, 1997; І.Найманбаев, “Айттым бітті!” және І.Сүйенішев, “Әлі бойдақпысың?”, екеуі де 1989; Ә.Ақпанбетов, “Түнгі көбелек”, А.Хангелдин, “Керемет”, [[екеуі де 1998]]) шығармаларын қою арқылы өмірдің өзекті мәселелерін көтеріп, өзіне тән реж. өнер бағытын айқындады. Сондай-ақ ұлттық, дүниежүз. классика, осы заманғы қазақ жазушыларының, аударма драматург. туындылар бойынша да спектакльдер қойып, өзі де драматургия жанрында (“Арманым, әнім іңкәрім”, А.Кіребаевпен бірге, 1990; “Қиял-ғажайып театр”, 1999) қалам тартты. Режиссер балаларға арналған бірқатар спектакльдерді сахнаға шығарды. Қойған спектакльдері айшықты көркемдік-сахналық, композиция-құрылымдық тұтастығымен және реж. ізденімпаздыққа толы тапқыр шешімімен ерекшеленді. Оның қойған Б.Брехттің “Кавказдың бор шеңбері” (1996, 2001) спектаклі таңдаулы көркемдік шешімі үшін 2001 жылы Халықаралық “Сорос – Қазақстан” қоры байқауының жүлдесіне ие болды.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}