Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ерғали Сиябекұлы Оразымбетов"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
09:34, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі нұсқасы
Ерғали Сиябекұлы Оразымбетов<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9,"Қазақ Энциклопедиясы", 10 том</ref>(10.10.1943 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданы Шорнақ ауылы) – режиссер, Қазақстанның халық әртісі (1998).
Толығырақ
Алматы қаласындағы мемлекеттік өнер институтын бітіргеннен кейін Оңтүстік Қазақстан облысы қазақ және орыс драма театрының режиссері (1972 – 1979), одан кейін Ленинград<ref>Қазақстанның халық комиссарлары (1920 – 1946), А., 2004</ref> (қазіргі Санкт-Петербург) қаласындағы Ленсовет атындағы мемлекеттік академия драма театры құрамында (1979 – 1981) жұмыс істеді. Жамбыл облысы қазақ драма театрының (1981) және Қызылорда облысы драма театрының (1988 – 2001) бас режиссері, Оңтүстік Қазақстан облысы музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі әрі директоры (2001 – 2004) болып қызмет атқарды. Ол Қызылорда облысы драма театры сахнасында жергілікті қаламгерлердің (Иран-Ғайып, “Күшігінен таланған”, 1988; “Тоғызыншы вал”, “Желжуан немесе мен байымнан қорықпаймын, соңғы екеуі де 1991; “Батқан кеменің бейбақтары”, 1993; “Мен ішпеген у бар ма?”, 1997; І.Найманбаев, “Айттым бітті!” және І.Сүйенішев, “Әлі бойдақпысың?”, екеуі де 1989; Ә.Ақпанбетов, “Түнгі көбелек”, А.Хангелдин, “Керемет”, [[екеуі де 1998]]) шығармаларын қою арқылы өмірдің өзекті мәселелерін көтеріп, өзіне тән реж. өнер бағытын айқындады. Сондай-ақ ұлттық, дүниежүз. классика, осы заманғы қазақ жазушыларының, аударма драматург. туындылар бойынша да спектакльдер қойып, өзі де драматургия жанрында (“Арманым, әнім іңкәрім”, А.Кіребаевпен бірге, 1990; “Қиял-ғажайып театр”, 1999) қалам тартты. Режиссер балаларға арналған бірқатар спектакльдерді сахнаға шығарды. Қойған спектакльдері айшықты көркемдік-сахналық, композиция-құрылымдық тұтастығымен және реж. ізденімпаздыққа толы тапқыр шешімімен ерекшеленді. Оның қойған Б.Брехттің “Кавказдың бор шеңбері” (1996, 2001) спектаклі таңдаулы көркемдік шешімі үшін 2001 жылы Халықаралық “Сорос – Қазақстан” қоры байқауының жүлдесіне ие болды.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Сілтемелер
Дереккөздер
<references>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}