Ернияз Омаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:38, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Ернияз Омаров (1932 жылы туған, Сырдария ауданы А.Тоқмағамбетов ауылы) – дәрігер, медицина ғылым кандидат (1974). Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері. Қызылорда медицина училищесін (1950), Алматы мемлекеттік медицина институтын (ҚазҰМУ), 1958 бітірген. 1950 – 52 жылдары Тереңөзек (қазіргі Сырдария) ауданының Арысқұм, Қарақұм мал жайлауында фельдшер болып жұмыс істеген. 1958 – 61 жылдары Қызылорда қаласында жедел жәрдем бөлімінде әрі кезекші дәрігер хирургия бөлімінде дәрігер-хирург болған. 1961 – 67 жылдары қалалық денсаулық сақтау бөлімінің, 1982 – 94 жылдары облыс денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қазір облыс медицина қызметкерлері ардагерлер кеңесін және «Шапағат» қоғамдық қайырымдылық қорын басқарады. 64-тан астам ғылым еңбектің, 3 кітаптың авторы. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы» ордендері және медальдармен марапатталған.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ернияз Омаров|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}