Ернар Әзімқұлұлы Мыңтаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:41, 2014 ж. желтоқсанның 23 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Infobox Biography Ернар Әзімқұлұлы Мыңтаев 1973 жылы 16 қаңтарда Жамбыл облысы Шy ауданының Төле би ауылында туған. Қазақ.

Әкесі - Мыңтаөв Әзімқұл Сәдібекұлы. Анасы - Мешітбаева Сәуле Мешітбайқызы, «Қазақстан - ZaMaH» халықаралық газеті директорының бірінші орынбасары.

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оркестр факультетін бітірген (1996), виолончелші, концерттік орындаушы, оркестрдің солисі, оқытушы, камералық оркестр әртісі.

Қазақ, орыс, ағылшын, испан және неміс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі. 1995жылдыңжелтоқсан айынан -Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ҚР Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің әртісі. 1998 жылдың сәуір айынан бері - Астана қаласындағы Мемлекеттік филармониясы ҚР Мемлекеттік квартетінің әртісі.

«Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының (1996), Д. Сахаров атындағы Халықаралық сыйлықтың (1993), Халмамедов атындағы Халықаралық виолончелыиілер конкурсы- ның (Түркіменстан, 1995), Халықаралық виолончельшілер конкурсының (Молдова, 1997), «Алтын күз» халықаралық камералық музыка конкурсының (Украина, 1993), Д. Шостакович атындағы Халықаралық ішекті аспаптар квартеттері конкурсының (1999, 2001, 2004), Беллини атындағы Халықаралық камералық музыка конкурсының (Италия, 2000), Ішекті аспаптар квартеттерінің халықаралық конкурсының (Бордо қ., Франция, 2000), Халықаралық камералық музыка конкурсының (Осака қ., Жапония, 2005) лауреаты, «Шабыт» Халықаралық байқауының лауреаты және ҚР Президенті кубогының иегері (Астана қ., 2001). «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2000). Испания королевасы София ұсынған «Испаниядағы үздік жыл квартеті» дипломының иегері (2005). Діни көзқарасы - мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанда мен өмірдің барлық салаларындағы, әсіресе әлеуметтік саладағы дамудың үлкен әлеуетін көремін». Хоббиі - футбол. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет (I. Есенберлин, И. Калашников), шығыс поэзиясы (Гафиз, О. Хайям және т.б.), Байрон, У. Шекспир, В. Гюго. Бойдақ.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub