Ермек Хасенқызы Абланова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:28, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Абланова Ермек Хасенқызы (1939 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы) – химия ғылымы докторы (1996), профессор (1997). ҚазМУ-ды (1961, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Осы университетте аспирант, лабораторияның кіші ғылыми қызметкері (1961–70), 1970 жылдан физика химия мен электрлі химия кафедрасының доценті, профессор қызметтерін атқарды. «Физико-химические основы процессов комплексообразования некоторых элементов с унитиолом и перспективы применения унитиолатных комплексов» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. А. 97 ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 оқу құралының («Физикалық химия есептеріне арналған оқу құралы», 1980; «Физикалық химия», 1997) авторы.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}