Ермек Мәлікұлы Құрманаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:41, 2014 ж. желтоқсанның 23 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Infobox Biography Ермек Мәлікұлы Құрманаев 1980 жылы 7 тамызда Алматы қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Құрманаев Мәлік Жармаханүлы, Құрманғазы атындағы оркестрдің әртісі. Анасы - Толымбекова Әлия Дүйсебекқызы, үй шаруасымен айналысады.

Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының оркестр аспаптары факультетін (2004) жеке орындаушы, оқытушы, ансамбль, оркестр әртісі мамандығы бойынша; П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын (2007) бітірген. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.

2004 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, 2009 жылдан бері - аға оқытушысы. 2004 жылдан бері - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі.

Халықаралық конкурстардың лауреаты (Австрия, 1996; Польша, 1998; Франция, 2005; Ресей, 2009), ҚР Тұңғыш Президенті қорының лауреаты (2006). Қазақстанның алтын виолончелі (2006).

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Республикамыздың өркендеуі». Хоббиі - автомобильдер. Сүйіп оқитын әдебиеті - фантастика, тарих, поэзия.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub