Ермек Аманшаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:49, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ермек Аманшаев<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref> (1963 жылы туған, қазіргі Қарақия ауданы, Құрық ауылы ) – жазушы-драматург, ҚР Жазушылар одағының, театр қайраткерлері қоғамының мүшесі. ҚазМУ-дың филология факультетін (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1985). 198595 жылдары Орталық мемлекеттік мұражайында ғылыми қызметкер, «Қазақ Совет энциклопедиясында» ғылыми редактор, «Жалын» журналында жауапты хатшы, ҚазМУ-да оқытушы, 1995 жылдан ҚР Президент аппаратының мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары мен байланыс секторының меңгерушісі, Мәдениет министрінің орынбасары болды. Қазіргі қызметі Астана қаласы әкімінің орынбасары.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>«Үзілген бесік жыры», «Қыр астындағы бір ғажайып әлем» драмаларының авторы. Республикалық мерзімді баспасөз беттерінде бірқатар әдеби-сын, зерттеу мақалалары жарияланған. 1990 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық жас драматургтер фестивалінің жеңімпазы. Сириялық драматург С.Ваннустың «Сұлтан болсам егер мен» атты пьесасын қазақшаға аударған. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Шығармалары

«Үзілген бесік жыры», «Қыр астындағы сол ғажайып әлем», «Сұлтан болсам мен егер», «Жұлдыздарда бір сыр бар» пьесаларының, «Мен Абылайды әке дер ем», «Мұхтар Әуезов», «Албасты туралы аңыз» атты деректі және көркем фильмдердің авторы. Ф.Кафканың, С.Ванустың шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Жетістіктері

Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}